ҚАРИГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

ҚАРИГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

32
1 мин
ҚАРИГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Павлодар қаласындағы “Ғазиз” мешітінде қасиетті Рамазан айының соңында ерекше рухани сәт өтті. Мешіт жамағаты мен ұжымы Рамазан айы бойы Құранды толық хатым еткен Ахмед қаримызды құрметпен шығарып салды.

Осынау игі істің қорытындысы ретінде Құран хатым дұғасы оқылып, жамағат Алла Тағаладан қабыл болуын тілеп, елдің амандығы мен бірлігін сұрап дұға жасады.

Ахмед қаримыздың Рамазан бойы жасаған еңбегіне ризашылық білдірген жамағат қазақы дәстүрмен құрмет көрсетіп, иығына шапан жауып, ықылас-ниеттерін білдірді. Бұл – Құранға қызмет еткен жанға деген халықтың ерекше құрметінің айқын көрінісі.

Алла Тағала баршамыздың құлшылықтарымызды қабыл етіп, жүректерімізді Құран нұрымен нұрландырсын.

43132320-f8aa-4bb8-92f9-cf9f851c2199.jpeg

a42ad997-c7b1-4468-bbd3-a5d67c126a24.jpeg 


  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс