ҚАДЫР ТҮНІ «МӘШҺҮР ЖҮСІП» МЕШІТІНДЕ

ҚАДЫР ТҮНІ «МӘШҺҮР ЖҮСІП» МЕШІТІНДЕ

181
1 мин
ҚАДЫР ТҮНІ «МӘШҺҮР ЖҮСІП» МЕШІТІНДЕ

Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітіне Қадір түні халық лық толы болды. Жиналған жамағатқа облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлы Қадыр түнінің хикметі мен қасиеті, артықшылығы туралы кең көлемде уағыз айтып, Рамазан айы бойы оқылған Құранға хатым жасалып, ел-халқына тыныштық, береке-бірлік, амандық-бейбітшілік, ырыс-несібе тілеп дұға жасады.

Облыстық «Ертіс» телеарнасы мешіттен Қадыр түні өткізілген іс-шаралардан тікелей эфир жасап, Бас имам сұхбат беріп, мешіттегі көптеген жамағат телеэкран арқылы жерлестеріне ізгі тілектерін айтты.

Жиналған жамағатқа мешіт ұстаздары әртүрлі тақырыптарда имани дәрістер өткізумен қатар, олардың діни білімін сарапқа салатын викториналық сұрақ-жауап сайысын ұйымдастырды.

Мың айдан да қадірлі қасиетті түннің құрметіне «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде 500 адамға ауызашар ұйымдастырылып, 900 ға жуық жамағатқа сәресі берілді.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

7.jpeg

8.jpeg

9.jpeg

10.jpeg

11.jpeg

11.jpeg

12.jpeg

13.jpeg

14.jpeg

15.jpeg

16.jpeg

fd7cefa4-0634-465f-8523-72258a05702e.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс