Павлодар облысында ХІҮ республикалық Құранды мәнерлеп оқу жарысына іріктеу сайысы Тереңкөл аудандық мешітінде ұйымдастырылып өткізілді.
Сайысқа аудан, қалалардан 25 ке жуық үміткер қатысып, нәтижесінде бірінші орынды Әміралинов Ержан –(Ақтоғай ауданы), 2-орынды Мұратов Әлихан – (Ақтоғай ауданы), 3-орын Өтеулиев Шышнәби –(қалалық «Ақмешіт» мешіті) иеленіп, оларға ақшалай ынталандыру және сертификаттар берілді.
1-орын иеленген Әмірәлинов Ержан бауырымыз алдағы уақытта өтетін Құран мәнерлеп оқуда ХІҮ республикалық байқауда Павлодар облысының намысын қорғайтын болады.





