ЖҮРЕКТІ САҚТАУ

ЖҮРЕКТІ САҚТАУ

3294
2 мин
ЖҮРЕКТІ САҚТАУ

Эрзурумдық Ибрахим Хаккы (рах.) өте маңызды және қажет болған жүректі сақтауды былайша айтады:

Пайғамбарымыз (с.ғ.у.): «Сақ болыңдар! Денеде кішкене бір паршасы бар, ол жақсы болса, бүкіл дене жақсы болады, егер ол жаман болса, бүкіл дене жаман болады. Ол - жүрек». Сондықтан жүректі жақсартуға көңіл бөліп, ұмтылу өте маңызды.

Жүректі қорғау үшін келесі ұстанымдарды сақтау қажет:

* Алла Тағала құлының жүрегінен хабардар екенін білуі керек. Негізінде, Алла Тағала Құран кәрімде: «...Ол жүректердегіні толық біледі» – дейді. (Мүлк сүресі, 13-аят) және осылайша адамдарды жамандыққа бейім болудан және жүректерінде қателіктерден сақтануды айтты.

* Жүрек – Алла Тағаланың  назар салатын жері. Хадис шәріпте: «Алла Тағала сендердің сыртқы түрлеріңе, дүние-мүліктеріңе назар аудармайды. Ол сендердің жүректерің мен амалдарыңды ғана карайды» - деп айтылған.

Бет-әлпетін барынша ұқыптылықпен жуып, басқалардың көзінше кірден тазартып, әдемі етіп көрсететін адамның жағдайы қандай ғажап. Дәрменсіз жаратылысқа сонша көңіл бөледі, бірақ  Алланың назары болған жүрегін жамандықтан тазартып, пәк болған періштелердің мінезімен безендіруге мән бермейді. Раббысының оның бойындағы кемшіліктерді көретініне мән бермейді. Расында, ол жүрегін лас, жаман әдеттерге толтырып, немқұрайлы қарайды, егер адамдар олардың жүректегі зұлымдықтарын білсе, бірден жиіркеніп, одан алыстап кетер еді.

* Жүректегі басты асылдық – даналық пен тура жол. Ең жоғары болған екі дүниеде бақытқа жеткізетін өнер, яғни Алла тағаланы тану. Бұдан былай бұл жақсы ниет пен ізгі сенім (Әһли сүннет уал- жамағаттың сеніміне ие болу). Одан кейін әртүрлі ғылымдар мен хикметтер. Содан кейін жақсы әдеттер мен құнды қасиеттерді меңгеру келеді. Мұндайда зат пен сырдың осындай жертөлесі, білім бұлағы болып табылатын жүрек үйі жаман қасиеттерден, надандықтан, апаттан сақтанады.

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс