TӘУЕКЕЛ ЕТУ– КҮШ-ЖІГЕРДЕН БАС ТАРТУ ЕМЕС!

TӘУЕКЕЛ ЕТУ– КҮШ-ЖІГЕРДЕН БАС ТАРТУ ЕМЕС!

2553
3 мин
TӘУЕКЕЛ ЕТУ– КҮШ-ЖІГЕРДЕН БАС ТАРТУ ЕМЕС!

  لَ اللهُ تَعَالَى: قُلْ لَنْ يُص۪يبَنَٓا اِلَّا مَا كَتَبَ اللهُ لَنَا هُوَ مَوْلٰينَا وَعَلَى اللهِ فَلْيَتَوَكَّلِ الْمُؤْمِنُونَ. (سورة التوبة، 51)

Алла Тағала былай деді (мағынасы): «Ендеше, оларға: «Алла маңдайымызға не жазса, соны ғана көреміз. Ол біздің жалғыз Иеміз. Сондықтан шынайы мүминдер бір Аллаға ғана тәуекел етсін», - деп айт» (Тәубе сүресі, 51-аят)

Tәуекел – мақсатқа жету үшін, материалдық және рухани себептердің бәрін орындаған соң, нәтижесін Алла Тағаладан күту деген сөз. Адам, егер бар себепті орындағанмен, күткеніне қолы жетпесе, ренжімеуге тиіс, “Бәлкім, осы қайырлы  болар” деп, тағдырға разы болуы керек. 

Tәуекел – еңбектенуді қойып, күш-жігерден бас тарту емес. Керісінше, адамның табиғи апат тәрізді алдын алу мүмкін емес, шамасы келмейтін қиындықтарда Алла Тағаланың көмегіне сыйынып, жақсылығы мен ізгілігіне сенім артып еңбектенуі. 

Пенденің әлемдердің Раббысынан медет сұрап, Oған сенім артып қиыншылыққа қарсы тұруы. Tәуекел – адамның өзін елемей, ештеңе істемей, науқас, шамасы жоқ жандай тұруы емес. 

Әли-Имран сүресінің 159-шы аятында - мағынасы; “…Ендеше оларға кешіріммен қара һәм олар үшін кешірім тіле, сондай-ақ олармен әр істе кеңесіп отыр. Егер қандай да бір іске бел бусаң, бір Аллаға тәуекел ет. Шүбәсіз, Aлла тәуекелшіл құлдарын жақсы көреді” - дейді.

Фахреддин Рази бұл аяттың тәпсірінде былай жазады: “Бұл аятта, тәуекелдің, әлдекімдердің айтып жүргеніндей, адамның өзін елеп-ескермеуі деген мағынаны меңземейді. Өйткені, егер олай болса, Aлла Tағаланың кеңес деп бұйыруы тәуекелге кереғар болар еді. Tәуекел адамның белгілі, көрінетін себептерге қарай әрекет етуі, бірақ оларға жүрекпен сенбей, Алла Тағаланың қорған болатынына сенім артуы”.

Бірде  көшпелі тайпадан бір адам келіп, түйесін қалдырып, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) құзырына кіреді. Пайғамбарымыз (с.a.у.) “Түйеңді қайттің?” деп сұрайды. Ол “Раббыма тәуекел етіп, бос қоя салдым” - дейді. Пайғамбарымыз “Тұр, түйеңді байла, сосын Раббыңа тәуекел ет” - дейді. 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс