САМУРАЙЛАРДЫҢ 50 ДАНЫШПАН ОЙЛАРЫ

САМУРАЙЛАРДЫҢ 50 ДАНЫШПАН ОЙЛАРЫ

1107
3 мин
САМУРАЙЛАРДЫҢ 50 ДАНЫШПАН ОЙЛАРЫ

1. Қолыңнан келгенін істе, қалғанын тағдырға жүкте.

2. Айтуға әманда себеп дайын тұрады.

3. Тойлауға қашанда халық көп, ал қайғыруға - өз адамдарың жетеді.

4. Артық зат – артық мәселе.

5. Жүрегің жеңілде – тез қимылдайсың.

6. Қарапайым адамдарсыз ұлы адамдар шықпайды.

7. Өкпе секілді алғысты да ұмытпай есте сақта.

8. Тыр жалаңаш адам ештеңе жоғалтқан емес.

9. Күш жұмсалған жерде құқық тапталады.10. Алаяқтықпен тапқан байлық пайдаға аспайды.

11. Ерлі-зайыптылар қол мен көздей болуы керек: қолың ауырғанда - көзің жылайды, көз жылағанда – қолдар оны сүртеді.12. Білмегеніңді сұрау - сол сәтте ұят болып көрінуі мүмкін, ал оны білмей кету – бүкіл өміріңе ұят болып қалады.

13. Тік жүретін адам, тіке бамбук секілді сирек кездеседі.

14. Тек ерлі-зайыпты болу аз, одан бөлек дос болуың керек, кейін оны тыстан іздеп жүрмеу үшін әрі ашынаң болуы керек.

15. Бәле келіп қалды ма – тек өзіңе сен.

16. Жапырақ суға батаитын, ал тас жүзіп жүретін жағдайлар болады.

17. Бір генерал тапқаннан он мың солдат табу оңай.

18. Алыстағы, қараңғыдағы немесе қолшатыр астындағы кез-келген әйел сұлу боп көрінеді.

19. Мың шақырымдық жердің өзі бір қадамнан басталады.

20. Әбден ойланып барып шешім қабылда, шешім қабылдадың ба, ойланып жатпа.

21. Қарсыластардың жарты сағат артық шыдайтыны жеңіп шығады.

22. Сапарда жолсерік, ал өмірде дос керек.

23. Ақымақтан асқан жау жоқ.

24. Кетіп бара жатқан адамды ұстама, ал келіп жатқанды қуушы болма.

25. Кішкентай өзендерден жиіркенбегендіктен теңіз ұлы болады.

26. Құрметті храмды қақпасынан білесің.

27. Қайғыны жыртық көйлек секілді үйде қалдырған дұрыс.

28. Аздап иілуге қорықпа, сонда түзу боласың.

29. Жеті рет құласаң да, сегізінші рет тұрып кет.

30. Күнге оң-солы бәрібір, ол ешқашан бір адамды ғана жылытайын демейді. Өзін-өзі тапқан адам күн секілді болады.

31. Жатқан адам сүрінбейді.

32. Адамға күмәнданардан бұрын жеті рет тексеріп ал.

33. Күлкі бар үйге бақыт кіреді.

34. Жымиып тұрған адамға оқ атпайды.

35. Көңілі хош жүретін адам, темірді тесіп өтіп кетеді.

36. Садақтың жақсы жаманы, адырнаны тартып тұрған қолға байланысты.

37. Сүйіспеншілік бар кезде беттегі шешек жарасы беттегі шұңқырдай боп әдемі көрінеді.

38. Жаман шебердің қолынан керемет құмыра шықпайды.

39. Салқын шәй мен салқын күрішке төзуге болады, бірақ салқын көзғарас пен суық сөзге төзу мүсмкін емес.

40. Егер мәселе түбінде шешілетін болса, оны уайымдап қажеті жоқ, ал егер ол шешілмейтін болса, оны уайымдаудың еш қажеті жоқ.

41. Тез деген сөз жәй, бірақ үздіксіз.

42. Жаман адам өз қателігін ақтап алғысы келеді, ал жақсы адам - оны түзегісі келеді.

43. Өз жүрегіңнің ұстазы бол, ешқашан жүрегің саған ұстаз болып жүрмесін.

44. Бидай толыққан сайын басын иеді, ал адам байи қалса шалқаяды.

45. Кейде бір сәттің өзі барша қазынадан артық.

46. Ертең жүз болғаннан бүгінгі елу артық.

47. Әйел қаласа, жарды жарып өте алады.

48. Жақсы көпес барлық тауарды бірден шығармайды.49. Үндемейтін адамнан сақ бол.

50. Бір ит босқа үруі мүмкін, қалғандары оны қолдап шынымен үре бастайды.

Даналық әлемі

аударған Жүрсін Кәрім

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс