Қасиетті Рамазан айы басталғалы қала, аудан, ауыл мешіттерінің ұйымдастыруымен әртүрлі ортада ауызашарлар тұрақты ұйымдастырылуда.
Екібастұз қалалық мешітінің ұйымдастырумен мешіттің белсенді жамағат өкілдері және жергілікті мүмкіндігі шектеулі жандарға мешіт асханасында арнайы ауызашар берілді.
Дастарқан басында Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы Омаров Нурсейт Рамазан айының қасиеті туралы тұщымды уағыз-насихат айтты.




