Нұрғали хазірет Боташұлы 1832 жылы Баскұдық болысы (қазіргі Кеңес аулы) Камырау қыстағында дүниеге келген.
Руы-арғын, басентиін.
15 жасынан бастап діни білім ала бастады. Ақпарат берушілердің айтуы бойынша ол Бұқара-Шариф шаһарына жаяу жетіп, "Мир-Араб" медресіне оқуға түстеді. Самарқанд, Хиуа, Хорезм арқылы Орта Азияға саяхат жасайды. Медресені үздік бітіріп, "Хазірет" атағын алады.
Өз туған жеріне оралып, Басқұдық болысының Жалаліденнен қолдау тауып, Маралдыда мешіт пен медресе ашып, «халфе» мәртебесіне ие болады. Медреседе оның шәкірттерінің бірі – белгілі ақын Сәбит Дөнентаев және ақын Корабай Жапанов болды. Ол ислам дінін уағыздап, адамдарды психикалық аурулардан емдеген және осы қасиеттері үшін оны тірі кезінде "Ғазиз Атекем", "Қасиетті Ата" деп атап кеткен.
1909 жылы сүйікті ұлы Мағзұмның қайғылы өлімінен кейін Нұрғали хазірет өз-өзіне кетеді, одан әрі зиярат жасаушылармен шымылдық арқылы қатынасады.
1918 жылы 18 қараша айында 87 жасында Басқұдық жерінде қайтыс болды.
ХХ ғасырдың ортасына дейін оның мазарында әрдайым шырақ жанып тұрды. 40 жыл өткеннен кейін тың жерлерді игеру кезінде оның денесі Павлодар ауданы Әйтім ауылында қайта жерленеді.
Жерлеу құрылысы дөңгелек формасында, кірпіштермен қаланған, қабырғалары сыланған. Құрылыс күмбезі пирамида тәріздес ағаштан жасалған, жоғары бөлігінде жарты ай орнатылған, көк түске боялып, 6 ағаш бағанадан құралған.
Зиратында құлпытас орнатылған, араб графикасы мен кирилицамен келесі сөздер қашалған: «Нургали 1918 жылы өтті, 1831 туған». Нұрғали хазірет күмбезіне қарама-қарсы оған ұқсас ұлы Мүбарактың (1880-1973 жж.) мазары салынған. Екі құрылыс кірпіштен қаланған қабырғамен қосылған. Мазарлар бір металл қоршаумен қоршалған. Мазар маңайында келушілерге арналған орындықтар қойылған.
2002 жылдың 20 ақпан күнгі ҚМДБ-ның төрағасы,бас мүфти Әбсаттар Дербісәлінің шешімі бойынша Павлодар облысы Павлодар ауданының Кеңес ауылдық округінің мешіті Нұрғали хазірет атымен аталды.