МӘРТЕБЕЛІ ЕСЕК

МӘРТЕБЕЛІ ЕСЕК

1317
1 мин
МӘРТЕБЕЛІ ЕСЕК

Бір күні Қожанасыр есегін таза ауа жұтсын, самалдасын деп шатырына шығарады екен. Біршама уақыт өткеннен кейін Қожекең есегін төбеден түсірмекші болады, алайда қырсық есек қасарысып тұрып алады.

Қожанасыр да қолын сілтеп есегін шатырда қалдырып жерге жалғыз түседі.

Есек тыныш тұрсын ба, төбеден өзі түспекші болып, шатыр-матырыңды сындырып, төмен қарай бірақ секіреді. Алайда, жерге оңбай құлап, сол жерде арам қатады.

Мұны көріп тұрған Қожанасыр:

«Е-е-е, есектің мәртебесін өсірсең, өзгеге де, өзіне зиянды тимей қоймайды екен», – депті ғибратын алып.

Бізде де қаншама адамдар бар ғой, мәртебесі өссе, есектік қылатын…

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс