Әміре күнде таңертең 12- қабаттағы офисте жұмыс жасайтын көп қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтердің терезенің алдында тысқа қарап қарап отыратын қарт анаға сәлем беріп өтіп кете беретін.
Бір күні кейуана:
-Балам бір өтінішім бар еді,- деді.
— Айтыңыз, апа, — деді ол күнде таңертең қарттың тысқа қарап отыратын терезесіне жақындап.
– Балам, екі аяғы мүгедек, мұқтаж жанға көмек ақша бере аласың ба?- деді.
Жас жігіт оған қатты жаны ашып әмиянында бар ақшасын берді де өз қайрымдылығына өзі іштей разы болып ғимаратқа кірді де жедел сатымен жұмыс орнына көтерілді.
Мекемеде отырып өз аяғымен жұмысына барып келіп жүре алатын жандар шүкір ету керек деп ойлайтын. Жалғыз басты кейуананың жағдайы қандай ауыр болғанын кім білсін. Ол өз қажеттіліктерін сырттан алу үшін тым қиын болар. Оның екі аяғы кемтар болғанда пәтер үй болғанмен ішіндегі қал қарекеттеріде оңай емес-ау.
Келесі күні таңертең ерте тұрып, азық-түлік дүкеніне бардыда, бір бөтелке сүт пен бір бөлке нан алды...Әйел күнделікті орнында еді. Азық түлік салынған дорбаны ашық желдеткіштен қартқа ұсынғанда оның көзіндегі бақыт пен ризалық Әмірені ерекше толқытты, әрі жақсы іс істеп жатқанына сенімді еді
Ішінде үлкен бір рахатқа бөленді. Бір күні қызметтес досына өзінің жасап жүрген қамқорлығы туралы баяндағанда досы күле бастады:
-Досым, сен жындысың ба, біз қай заманда өмір сүріп жатырмыз? Оған сен сияқты аңғал адамдар ғана сенеді. Аяғы жоқ па екен? Сен де оған сене қалдың! Аңқаусың жігітім, мойында. Терезенің алдында отырғанның бәрінің аяғы мүгедек болса, ел ішінде аяғы сау адам болмас еді, – деп мазақ етті.
Сол күні кешке дейін Әміре жақ ашпастан ойланумен болды.
Досының күдігі рас болғаны ма? Бірақ қарт ананың көзқарасы өте сенімді және шынайы болатын.
Келесі күні таңертең тағы бір бөтелке сүт пен бір бөлке нан сатып алды. Ол әлгі қарттың күнделікті қарап отыратын терезесінің алдымен емес, ғимараттың артындағы кіреберіс есігінен оған көрінбей кіріп, қолындағы дорбаны оның пәтерінің есігінің алдына ақырын ғана қойып кетті. Бейне бір сотқар баладай асығыс есіктің қоңырауды басып, іштей қатты қобалжумен есік ашылғанша ғимараттан тездетіп жедел сатыға кіріп кетті. Әміренің есебінше мүгедек қарт есікті ашпауы керек еді. Мүгедек болмаса ше, әлде досы дұрыс айтса ше...
Сол күннен кейін жас жігіт қартқа қайта кез болмады. Оның көзінен көрген бақытына сенгендіктен, күдігі болса да күнде таңертең толған нан, сүт салынған ақ дорбаны есік алдына жасырын тастап, қоңырау соғып, қашатын.
Осылай бірнеше ай бойы жалғасты. Ол өзі іштей разы болатын бұл қайрымдылық іс туралы ешкімге айтқан жоқ.
Көктемнің бір күні жұмысқа келген соң бір аз уақыттан кейін Әміре қарадай сыртқа шыққысы келіп жедел сатымен бірінші қабатқа түскен ді, ол дәлізде жиналған адамдарды байқады. Көпшілік абыржулы еді. Бір қолайсыз жағдай болғаны анық. Ол есік алдындағы полиция қызметкеріне жақындап, не болып жатқанын сұрады.
– Бірінші қабатта бір кемпір тұратын. Таңертең жоғарғы қабаттағы көршісініі үйіне бара жатып баспалдақтан тайып кетіп құлап басын қайтыс болыпты, - деді ғимырат қорғаныс қызметкері
Әміренің жан дүниесі құлазып кетті. Әдеттегі ақ дорба жерде жатыр. Ішіндегі сүт бөтелкесі сынған көрінеді. Досының айтқаны дұрыс болды, ол аяғы мүгедек емес адамға үш ай бойы қызмет етіп сүт пен, нан әкеліп беріп жүрген бе... Ол тысқа шығу үшін есікке қарай беттегенде, жоғарыдан келген қатты айғайдан шошып кетті.
Екінші қабаттағы ашық тұрған пәтердің есігінен бір әйелдің: «Ол мен үшін өлді, мен үшін өлді!» деп қатты өкіріп жылап жатқаны естілді.
Әміре сұрады:
- Мына жылаған әйел кім?
Таңертеңнен бері болған оқиғаның барлығынан хабардар болған ғимырат қорғаныс қызметкері бар білгенімен тәтпіштеп түсіндірді:
– Марқұм бірінші қабатт тұратын қарт әйел өте жақсы адам болатын. Күн сайын таңертең төсек тартып жатқан мына көршісіне бір бөтелке сүт пен бір бөлке нан әкеліп береді екен. Бүгін таңертең тағыда, шығып келе жатқанда бір балдағы сынған екен, кемпір баспалдақтан құлап жазым болды. Бірақ енді амал не, қарт адамдар осындай ғой. Енді анау жылап жатқан әйелге бүгіннен бастап күнделікті нан, сүт жеткізіп беріп тұратын көршісі өліп қалды. Соған да қамығып налыйтын болар. Төсек тартып жатқан аяғы кемтар адам сол үшін жылайды.
Мұны естіген Әміренің тілі байланып қалғандай болды. Қаншалықты күн сайын нан, сүт жеткізіп беріп жүрсе де қарт ана туралы кейде қарама-қайшы түсінігі болды ...
Әміре бірден екінші қабатқа көтеріліп. жылап отырған әйелге жақындады. Ол мүсәпір жан екен. Көз жасын сүртті де құшақтап қолынан сүйді. Әйелдің көзінде қайтыс болған кемпірдің көзқарасын көргендей болды.
Ол бейне бір Әміреге арнап:
"Таңертеңгі сағат 8:15-те сүт пен нан әкеліп есіктің алдына қойып кететін ұлым, тыңда...
- Біреуге жақсылық немесе жамандық жасап жатқанда, ішіңде кішкене күдік болса, жасайтын жақсылығың мен жамандығыңнан дереу бас тартуың керек. Күн сайын таңертең үлкен сауапты іс атқарып жүрсең де күдігің де бар еді. Есікті ашудан тартынатын едің. Олай болса мен сенің маңдайыңнан иіскеп, "балам" десем, батамды берсем деп ойлайтынмын. Ұзақ өмір сүр, өркенің өссін балам. Жақсылық істеп жатқаныңа сенсең, оның қайырлы іс екені сөзсіз. Өміріңізде біреудің айтқанымен, басқалар не дер екен деп ештеңе жасамаңыз, не істесеңіз де, тек өзіңіз үшін өз қалауыңызбен жасаңыз; өйткені мен әрқашан осылай өмір сүрдім. Енді бұл төсек тартып жатқан анаға азық түлік жеткізу сауабын сен аласың " - дегендей болды.