ЕР МЕН ӘЙЕЛ...

ЕР МЕН ӘЙЕЛ...

1224
2 мин
ЕР МЕН ӘЙЕЛ...

ƏЙЕЛ орамал тақпаса – арын ұмытады.

Күйеуінің барын ұмытады! Шашы – тамаққа түседі, өзіне келген қонақтың назары түседі. – Сəлем салмаса – өзін сыйлайтын қайын ата, қайын ағадан айырылады, тегін батадан қайырылады! – Қыз қалыптан əйел болуға көндіретін ол – сəлемі, жат жұрттың алдындағы əдебі! Қыз күнін қиып, қыдыруын тиған – қатын болады!

Қатын болған адам – қазанға, отқа жақын болады. Құрсағын кеңітіп, бала тапқан – кең болады!

Алпыс екі тамырын иіткен ана болады!

Басқа салғаннан ой түйіп, тағдырына бас игенге құдай өзі пана болады!

Үлкеннен көргенін бойына сіңіріп, өзі де сол əулетке сіңген келін – дана болады! -Ой, қазір жастарды емес үлкендерді тəрбиелеу керек сияқты ғой! – Бүркіт көзіне көрінгенді алмайды, көңілдегісін алады. Ақылды атаның баласы ерегіспей, тектілігіне салады. Көргеніңе көз жұм да,көңілдегіңді істе!

Жақсы келін ата-енесін бағады.

Ата-анасы ұнатқанды – отағасы жылатпайды! Кемінде алты бала тапқанның не айтса да сөзінің құнары болады, қамықса – қарайтын “шырағы” болады.

Аз бала тапқанның тыпыршып айтар “ұраны”болады.

Көп баласы бардың – шөлдетпейтін бұлағы болады.

Əйел – келін болмаса, керім болмайды.

Ана болмаса, ене болмайды. Ене бола алмаса – əдепті келіні жəне болмайды!

-Бəрі əйелге байланысты емес қой.

ЕР АЗАМАТ та жəрдем беруі қажет! –

Дұрыс!

Азамат таппаса – ақшада береке болмайды!

Дүние тапқанмен, баққаны көше болса – екі дүниеде сорлайды!

Еркегі үйіне қонбайтын үйдің – қызы етегін жаппайды, еркіндік сақтайды.

Қылық сақтап, қымсынбайды.

Айналасын жинайын деп ұмсынбайды!

Ұлы – ұсақтау, бəдік болады, қатындардың тірлігіне қанық болады!

Əйелі ашынып жүреді, бір ысып, бір суып, басылып жүреді.

Көршімен əңгімешіл боп, үйі бықсып, шашылып жүреді. Ондай əйелден – əдеп сақтар жар, салиқалы ана шықпайды.

Еркекті ерітетін де – əйел, жерітетін де – əйел!

Беделін биік қып, абыройын кемітетін де – əйел!

Əйел жұмсақ болмаса – ер далаға қашады.

Далада жүріп көп былыққа араласады.

Араласқан соң – тапа тал түсте сөз таппай сасады, əрнəрсені сылтау ғып, өтірік ғайбат шашады.

Əйелі жақсының ағайыны айналасында жүреді.

Ұрпағы ізетті болады!

Гульмира Кисметовна

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс