Біз бүгін сөздің құны түскен, қадірі қашқан заманға тап болдық. Ақпарат кеңістігі салмақсыз сөз, дерексіз мәліметтерге толды, кейбір журналист сымақ пенделер монтаж фейк ақпаратты дәлел санап жүрген соң, басқасын қоя салыңыз...
Ертедегі естілер кез-келген адамның айтып жатқан сөзін салмақтау үшін, айтылған тұжырымның қаншалықты құнды екенін анықтау үшін арайы қағидаларды көрсеткен.
1. Бос сөз (Муғалата)- адамның өзіне ұнайтын сөздерді ғана теріп алатын мақсатты сөз. Өз ұстанымын қуаттау үшін "шамасы осылай болуы ықтимал-ау", деген пікірді бірінші өзі таратып, келесі жолы өзі "осындай ақпарат айтылып жүр ғой. Бекерге айтылмаған", деп алдыңғы айтқан сөзін дәлел ретінде келтіруші .
Сөз салмақтау қағидаларын білмейтін, құр дақпыртқа еретін адам. (Бүгінгі БАҚ өкілдерінің көпшілігі)
2. Риторика (Бәдиһа)– тізбектеп айту. Мұнда сөздің салмағы мен айтылатын деректің рас немесе жалған екені маңызды емес, мұнда ең маңызды басты мақсат көпшілікті, тыңдарманды өте көркем сөздер арқылы елітіп алдау. Мұндай сөзді естіген қауым «Мә, мынауың мықты екен- ей. Жаман айтты-ей, бірақ түсінбедім не айтқанын. Қатты айтты» "тіліп айтты", деп тамсанып қалады. Бүгінгі псевдоғылым өкілдері мен псевдоұлтшыл топтардан бастап, депутаттар, шенеуніктер, БАҚ өкілдері т.б топтар сілтейтін шұбыртпалы сөздер.
3. Диалектика – арнайы деректер базасы бар, өзіне өзі сенімді, қарсы тараптан айтылған ақпаратты нақты құжаттар, дәлелдер келтіру арқылы жоққа шығарып, өз ұстанымын айғақтар арқылы көрсетіп бере алатын, ақ сөзге тоқтай алатын адаамдар арасындағы сөз талас үлгісі .
Бұл нақты деректерге сүйенген ақпараттар мен ғылыми, мәдени бағыттағы пікір таластар жатады. (Бұл топқа жататын адамдар тобын, мұндай талапқа сүйенген ақпарат көзін әлі кездестірмедім. Мүмкін барда шығар)
4. Бурқан – 100% шындық, терістеу еш мүмкін болмаған ашық ақиқат. Барша адамдар сөзге келмей мойындайтын айғақ.
Жалған мен ақиқаттың ара жігін ашып көрсетіп беретін айғақ.