БАЛАЛАРҒА БЕРІЛГЕН СЫЙЛЫҚТАР

БАЛАЛАРҒА БЕРІЛГЕН СЫЙЛЫҚТАР

1033
2 мин
БАЛАЛАРҒА БЕРІЛГЕН СЫЙЛЫҚТАР

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Балаларың сендерге жақсылық пен сыяпатта әділ болғанын қаласаңдар, сендер де балаларыңның арасында сыйлық беруде әділ болыңдар». (Табарани, «әл-Мұғжам ул-Кәбир»)

Бір кісі саулығында балаларының қайсы біріне барлық мүлігін сыйлай алады. Өйткені өзінің мүлігін еркінше қолданған болады. Бірақ балаларының арасынан бірін бұлай таңдап алу әділеттікке жатпағандықтан тахриман (харамға жақын) мәкруһ болады. Бұл әрекет балаларының арасында дұшпандыққа, суықтыққа себеп болады. Сондықтан балалар арасында әділдікке мән беру керек. Тіпті ұл мен қыз арасында жасалатын сыйлық пен көмек беруде әділ харекет ету ләзім. Бірақ балаларының арасында тақуалық, фиқх, әдеп, абзалдық, кемелдік арқылы басқаларынан оқ бойы озған баласын таңдауда еш зиян жоқ. Сонда да әділ болған дұрыс. Хадис шәріпте: «Алла Тағаладан қорқыңдар! Балаларыңның арасында әділдікке мән беріңдер» делінген. Тағы бір хадис шәріпте: «Атия (Сыйлық пен көмек) жасарда балаларыңның арасында теңдікке мән беріңдер. Мен таңдау жасар болсам шүбәсіз қыздарымды ұлдарыма таңдар едім» делінген. 

Кейбір ғалымдар әсіресе имам Мұхаммедтің (рах.) көзқарасын бойынша бұл мәселеде мирас мөлшерін өрнек алу керек. Ұлдарға екі, қыздарға бір сыйлық берілу керек. Ең әділі осы. Өйткені ерлердің қажеті қыздан көп. Ерлер әйелдерінің және балаларының напақаларын беруге, әйелдерінің мәһірін төлеуге міндетті. Осындай кейбір хикметтерге себебімен Алла Тағала ерлерді мираста артық қылған. Мұндай хикметтер күнделікті тұрмыстағы сыйлық, көмектерде де есепке алыну керек. 

Бірақ Имам Ахмет бин Ханбәлдан жеткен риуаятқа қарағанда бір кісі балаларының мұқтаждығы, соқыр болуы, бала-шағасының көптігіне, іліммен шұғылдануы сияқты себептерге байланысты артық көмек пен сыйлық беруіне болады. Сонымен қатар кейбір балаларын пасықтық, бидғатшы немесе берілген сыйлықты харамға жұмсауы сияқты себептермен көмек пен сыйлықтан мақрұм қалдыруына болады.

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс