Бұл кексе әйел бұл күнде Сауд Арабиясында өмір сүріп жатыр. Оның екі бүйрегі де жұмыс жасауын тоқтатып, төсек тартып жатып қалған еді. Дәрігерлердің айтуынша әйелдің бүйрегін ауыстыру керек. Басқа ем-дом әсер етпейді. Сол үшін бүйрегін ақшаға сататын донор керек екен. Бұл әйелдің еңбекқор, мейірімді балалары бар еді. Олар бір бойжеткен қызбен келісіп бүйрегін сатып алып беретін болды.
Бұл бойжеткеннің отбасы өте кедей еді.
Күнкөрістеріне ақша таба алмай қиналғандықтан, ата-анасына жаны ашыған қыз бүйрегін сатуға мәжбүр болды.
Таңертеңгі болатын отаға дайындау үшін, кешқұрым қызды ауруханаға әкеліп, кексе әйелмен бір бөлмеге жайғастырды. Ол кезде әйел ұйықтап жатқан болатын.
Бойжеткен түні бойы, таңғы бамдат намазына дейін көз жасын көл қылып, ғибадат жасап, Аллаға жалбарынып дұға тілеп шықты.
Кексе әйел ұйқысынан оянып, бас жағында жас бойжеткеннің жылап дұға жасап отырғанын көрді де:
"Қызым, неге жылап отырсың?"-деп сұрады. Қыз:
"Мұқтаждығымыздан ағзамдағы бүйрегімді сатқаныма ішім ашып жылап отырмын"-деп жауап берді.
Әйел сол жерде ұлдарының біріне қоңырау шалып, тез келіп жетуін сұрады. Елгезек ұл бамдат намазы біте салысымен-ақ жетіп келді.
Анасы ұлынан:"Мына бойжеткенге келісілген ақша берілді ма?"-деп сұрады.
Ұлы:
"Жоқ, анашым, отадан кейін берілуге келісілген"-деп жауап берді.
Анасы:
"Ақшаны қазір бергенің дұрыс"- деді.
Баласы болса:
"Отадан кейін берілуге келісілген ғой анашым"-деді.
Әйел:
"Алла разылығы үшін қазір бергеніңді қалаймын"-деді.
Ұлы бауырларына хабарласып, ақшаны әкелулерін айтты. Отыз мың риал алып келінді. Мейірімді ана қызға ақшаны беріп тұрып:
"Қызым,мына ақшаны ал да үйіңе қайта бер. Ақшаны мұқтаждықтарыңа жұмсай беріңдер"- деді.
Қыздың қайғыдан төгілген көз жастары енді қуаныш жасына айналды. Ал әйел болса ұлына:
"Жүр ұлым, кеттік. Доктор айтқандай бүйрегімді әр екі күн сайын келіп жудырып тұрармыз. Алла Тағалам бізбен бірге. Ол бізді тастап қоймайды"- деді.
Анасының бүйрегін бір рет жудыртуға балалары алып келді. Екі күннен соң тағы алып келгенде,докторлар әйелдің екі бүйрегінің де істеп тұрғаны туралы қуанышты хабарды жеткізді.
Бұл әйел қазіргі уақытта Жаратқан Алланың арқасында ризықтандырылып, сау-саламат өмір сүруде. Алла аса ұлы құдірет иесі!
Batyrbyek Khadis-тың фб парақшасынан