«СЕН КӘРІСІҢ, БІЗДІҢ ҚАМАЛҒА ЖОЛ ЖАБЫҚ!..»

«СЕН КӘРІСІҢ, БІЗДІҢ ҚАМАЛҒА ЖОЛ ЖАБЫҚ!..»

384
3 мин
 «СЕН КӘРІСІҢ, БІЗДІҢ ҚАМАЛҒА ЖОЛ ЖАБЫҚ!..»

Орта жастағы бір кісі,қартайғанда алжып,ессіздікке ұшыраудан қатты қорқады екен. Содан сол қартаймаудың амалдарын жасап, түрлі емшілерге барып әртүрлі тұнбалар дайындап ішіп кәріліктен қашатынға ұқсайды.

Ел елді аралап, кәріліктің емін іздеп,көп жүріпті.

Бір қалада кездесіп қалған оқымысты оған,"Пәлен деген жерде үлкен қамал- қала бар,сонда барғандар ешқашан қартаймақ емес. Сауатты, білімді жастар тұртын қамал деп естідік.

Бірақта ол қамалға кіру қиын, қамал дарбазасының алдында екі жасауыл тұр, олар қалаға кәрі адамдарды кіргізбейді" дегенде

"Мен әлі кәрі емеспін, біраз сауатымда бар, мені кіргізер" деп сол қамалдың жөн жосығын сұрап алып жолға шығыпты.

Қанша жүргенін кім білсін, жобалап, алыстан шамалап сол қамалды тауып келген сыңайлы.

Бұның алдында әбден қалжыраған бір кәрі кісі қамал қақпасының алдына барып жасауылдармен тілдесіп тұр екен.

Жасауылдар әлгі шалмен бір екі ауыз сөйлестіде қақпаны ашып кіргізіп жіберді.

Соны көрген біздің кейіпкер "Мен ана шалдан анағұрлым жаспын, мені кіргізбеуі мүмкін емес" деп арқайынсып, дарбазаға жақындады.

Жасауыл; Не істеп жүрген адамсың? неге келдің мұнда?" деген сұрағына, мынау "Қартаймаудың амалын іздеп келдім, ұзақ жас болып қалып өмірдің рахатын көргім келеді" дейді.

"Кәрілерді кіргізбейміз" деп жасауыл бұрқ етті.

"Жаңа ғана әбден қартайған шалды кіргіздіңдер ғой, оның қасында мен мүлдем жаспын ғой" деп мына кісі шыр ете қалды.

"Біздің қалада, адам жасы оның ойының жастығымен, рухының мықтылығымен есептеледі. Ол шал үлкен кітап жазып жатыр, оның миы жас, санасы тұнық" деп жасауыл міз бақпайды.

" Ол менен екі есе кәрі екені көрініп тұр ғой, қалайша оның ойы мен рухы менен жас болмақ" деп сұраған кісіге,

Жасауылдар "Көркем мінезбен, рухани бай өмір сүрген әрбір кәрінің, ойы таза, ақылы жас, санасы тұнық болмақ.

Ақыл, басыңдағы ми мен емес, санаңның тазалығы мен мінезіңнің момындығымен есептеледі.

Сен, әдемі қартаюдан қорқып жүргеніңде, санаң ескіріп, миың қартайып қалған. Сен кәрісің, біздің қамалға жол жабық" деп дарбазаны тарс жауып алыпты.

Бес күндік жалған өмірде,арам байлық, жарамсақ мансап, жалған абырой қумай, артыңда ақтаңдақтар қалмай, кәрілікке көңілдің тазалығымен, сананың адалдығымен барғанға не жетсін.

М.Кенжебаев. Бейнеу.

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс