ҚҰМЫРСҚАДАН ҮЙРЕН

ҚҰМЫРСҚАДАН ҮЙРЕН

570
3 мин
ҚҰМЫРСҚАДАН ҮЙРЕН

Бір күні табиғат аясында жүріп, таңғажайып бір көріністі бақыладым.

Таңертең ерте оянғанда, шыны ыдыстағы суыма оншақты құмырсқа түсіп кеткенін көрдім.

Алғашында олар су бетінде бір-бірінен бөлек қалбалақтап жүрген. Бірақ артынан біртіндеп топтала бастады. Құмырсқалар бір-біріне жабысып, әрқайсысы өзін құтқару үшін бір-бірін суға батырып жатқаны көрініп тұрғандықтан, "Бірің өліп, бірің қал" деп, мен оларға көмектесем деген ойымнан бас тарттым.

Бірақ бір-екі сағаттан кейін қарасам - құмырсқалар тірі!..

Олар пирамида тәрізді бір-бірінің үстіне шығып, жүзетін кішкентай, "тірі арал" құрып алыпты.

Мені осы жәндіктердің әрекеті қызықтырып, оларды бақылай бастадым.

Төмендегі су ішіндегі құмырсқаларды белгілі бір уақыт өткеннен кейін жоғарғы қатардағы құмырсқалар ерікті түрде алмастырып отырды.

Олар суға түсіп, туыстарын көтеріп тұрудан шаршаған соң, демалу үшін тірі аралға шығып, кейін қайтадан өз орындарын алмастырып отырды. Олардың ешқайсысы тезірек үстіне шығуға тырыспады.

Керісінше, суға түсіп, ең қиын жерге, яғни суға түсіп тұрудан кетуден ешбірі жалтармады.

Мен олардың бір-бірін құтқару үшін өз-өзін құрбан етуге деген құштарлығы мені тәнті етіп, көмек көрсетуге шешім қабылдадым.

Ыдыстың мойнына оңай кіретін ас қасық табылды. Құтқаратын таяқшаны көрген құмырсқалар жүйелі түрде құрғақ жерге шықты.

Тек біреуі ғана қатты әлсіреп қалған екен, қасықтың шетіне жармасуға шамасы келмеді.

Саптың соңындағы құмырсқа артқа оралып, алдыңғы аяқтарын суға малып еді, судағы құмырсқа жармаса кетіп, қасықтың үстіне шықты.

Қысқасы, ұжымдық ынтымақтың арқасында бірде-бір құмырсқа шығын болған жоқ.

Соны көріп, өзімнің әу бастағы құмырсқалар туралы жаман ойымнан ыңғайсыздандым.

Сосын олардың орнында адамдар болса, бірін-бірі таптап кетері есіме түсіп:

«Адамдар! Егер сіздер қалай өмір сүруді білмесеңіздер, тым болмаса, құмырсқалардан үйреніңіздерші?!» деп айғайлағым келді...

Шынында да, біз жәндіктерден ақымақпыз ба?!

Адамдар той-томалақтарда, түрлі жиындарда бір-біріне ізгі тілектер арнап жатады.

Діндарлар да өз дұғаларында Құдайдан бүкіл адамзаттан бастап, көрші-қолаңына дейін амандық сұрап жатады...

Бірақ амал-әрекетпен бекітілмесе, адамдардың тілек-дұғаларында қандай мән-мағына бар⁉️

«Құмырсқадан үйрен», Сергей Хибар.

Аударған: Ө.Шыныбекұлы

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс