Бүгінде ҚМДБ-ның «Ислам және адал қоғам» жылы аясында «DARHAN DALA» отандық туризмді дамыту бағыты бойынша өңір мешіттері әртүрлі шаралар ұйымдастыруда. Отандық туризмді өңір мүмкіндішгіне сай дамытудың бір түрі қазақы түсінік бойынша «Қыдыру» болса керек. Қазақта «Бармасаң, келмесең жат боларсың» деген сөз бар.
Салт-дәстүріміздің сарқылмас дәйегі, күнделікті күйбеңнің таптырмас дәл емі – бұл аға-бауырға қыдыру. Бұдан қол үзуге болмайды. Қыдыру азайса құлдырау молаяды.
Баянауылға қарасты мешіт қызметкерлері осы үрдісті бір жағадан бас бір жеңнен қол шығарып қолдап отырады. Аудан имамымыз Саян Арыстанұлы еңбек демалысында болса да, жылдағы сарын бойынша шілденің жиырма бірінші жұлдызы, жан-жақтан басқосып ауыл имамдары Құндыкөл, Мұса Шорман және Қараащы ауылына барып іс-тәжірибе алмастық. Ақсақал Аллаберген мен Бодаубек, орта буыннан Берік ағамыз бізден төмен жастағы имам інілер Жасұлан, Солтанбек және Мұхаммедсалихтар болды. Жұмыс барысын қамти отырып еркін көсіле әңгіме дүкен құрып бір жасап, марқайып қайттық.
Ақ дастарханын күні бұрын даярлап етін асып, бауырсағын пісіріп, көкенісін кертіп Ержан ағамыз құрақ ұшып жүгіріп, жеңгеміз ғана емес үйдегі, түздегі қыз ұлын түгел жинап, бізді сыйлап бата-тілек сұрап алып ұшып ебелек қағып жүрді.
Ет дегенде бет бар ма? –дегендей ет болғанда соғымнан қалған сүрі жарты шеке, омыртқа жанбас бәрі бар. Бесбармақ емес кәдімгі асылып тартылған қазақи сыбаға. Асау қымыз, семіз соғым, ыстық бауырсақ, көркем күлше, жарасымды жаңғақ, көз жауын алар қызылша қияр сұлу сәбіздет туралып дастархан түрленіпті. Атадан бата сұрадық. Арасында заманауи мақал деп «Атадан бата қалғанша фото қалсын» - деп суретті де сатырлаттық. Қызметкерлеріміз бір жасады. Алдыңғы буын аталарымыз мешіт тарихын түп тамырымен қопарып айтты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында молла бақсы-бәлгер дегеннің айырмашылығы жоқ, тіпті бақсылар намаз оқитын депте таңданды. Рас таңғаларлық іс.
Жоғарыда айтылғандай «Ғабдулғани – Қаныш ата» мешіті, Құндыкөл «Үкібай би» мешіті және Сәтбай ауылы «Көшербай абыз» мешіттерінің жұмыс барысы, тәулік тынысы мен ішкерілеп таныстық. Ас су ішіп кері қайтып жолда, «Сарықамыс» деген қыстақтан қымыран (шұбат) алдық.
Ата ауылына бұрылыста отыра қалып шұбат ішіп тарастық. Мұса Мырза мешітіне келіп екінті өтеп, бірнешеуіміз барып Сабынды көлге сүңгідікте тарқадық.
Ел аман жұрт дұрыс, әлем тыныш болғай!




Берікбай Германұлы
22.07.2026 жыл