Успен аудандық мешітінде және ауданға қарасты Қарасай ауылдық мешітінде қасиетті Рамазан айы басталғалы әр күн сайын тарауық намазы тұрақты оқылып, ауызашарлар да тұрақты ұйымдастырылуда. Әр іс-шара барысында жамағатқа уағыз-насихаттар айтылып жатыр. Жуырда аудан әкімі 80 адамға ауыз берді. Демеушілер арқылы да ауызашарлар берілуде. Осы мерзімде мешіт асханасында берілген ауызашарларға 700-ден астам адам қамтылды. Сонымен қатар «Жарапазан марафоны» да жүрілді.
Мешіт жанашырының қолдауымен мешітке таза су ішетін орнатылды
«Тұран» фирмасы арқылы мешітке мол көлемде таза су әкелінді.





