УСПЕН МЕШІТІНДЕГІ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ

УСПЕН МЕШІТІНДЕГІ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ

1
1 мин
УСПЕН МЕШІТІНДЕГІ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ

Жер бетіндегі барша мұсылман қауым үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі – Құрбан айт мейрамына орай Айт намазы оқылып, елімізге бейбітшілік, тыныштық, береке тілеп дұға жасалды.

Намаздан кейін ауыл халқы құрбандықтарын шалып (5 қара мал, 30 шақты қой) , құрбан малының еттері мұқтаж отбасыларға таратылды.

Мешіт ауласында мешіт жамағаты мен ауыл тұрғындарының қатысуымен ұлттық нақыштағы іс-шаралар ұйымдастырылып, қасиетті күннің маңыздылығы туралы уағыз-насихаттар айтылды.

Ақсақалдарға, ақ жаулықты аналар мен балаларға құрмет көрсетілді.

Қазақша күрес, қол күрес, кір тасын көтеру, арқан тартыс, тоғызқұмалақ т.б ұлттық ойындардан сайыстар өтіп, үздіктер марапатталды.

Келесі кезекте айттық дастарханы жайылды. Балаларға арнайы ойын алаңы ұйымдастырылып және айттық үлестірілді.

1.jpeg

2.jpeg

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

d6454f5e-2afb-4ecd-b613-4882f0428a82.jpeg

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс