ШАРБАҚТЫ ИМАМДАРЫ ЖИЫНЫ ӨТКІЗДІ

ШАРБАҚТЫ ИМАМДАРЫ ЖИЫНЫ ӨТКІЗДІ

212
1 мин
ШАРБАҚТЫ ИМАМДАРЫ ЖИЫНЫ ӨТКІЗДІ

Жиынның мақсаты – ағымдағы жылдың жұмыс жоспарымен таныстыру, алдағы атқарылатын іс-шараларды нақтылау болды.

Жиын барысында Шарбақты ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Камалұлы имамдармен жүздесіп, өз саласы бойынша жұмыс жоспарын таныстырды. Сонымен қатар мешіт қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, жат діни ағымдармен жүргізілетін жұмыстар және қоғаммен қарым-қатынастың заң аясындағы тетіктері жөнінде түсіндірме айтып, имамдардың сұрақтарына жауап берді.

Жиынды ауданның бас имамы Исабек Ақжол жалғастырып, ҚМДБ тарапынан ағымдағы жыл «Ислам және адал қоғам жылы» деп жарияланғанын атап өтті. Қара шаңырақ діни басқарма ел ішіндегі тұрақтылықты нығайту, қоғамда адалдық пен ізгілікті насихаттау бағытында көптеген игі бастамалар көтеріп, ауқымды жұмыстар атқарып келе жатқанын жеткізді. Бұл жолда көп жылдан бері қызмет етіп жүрген дін қызметкерлерінің еңбегі зор екені ерекше айтылды.

Галкино ауылының «Қалтай ата» мешітінің имамы Мұхатал Хуандық облыс бойынша «Үздік ауыл имамы» атанды.

Аудан имамы атынан Жылыбұлақ ауылының имамы Қадырма Негматуллаұлы мен Есілбай ауылының имамы Мәнәп Абдурахманұлына ардагер имамдар ретінде құрмет көрсетіліп, шапан жабылса, Жаңаауыл ауылының имамы Қайыртас имамға төсбелгі мен куәлік табысталып, еңбегі мен қызметіне ризашылық білдірілді.

Сондай-ақ өзге де ауыл имамдарына алғыс хаттар табысталып, лайықты құрмет көрсетілді.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

7.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс