
ҚМДБ-ның РАНТ мүшесі Руслан Қамбар 29-30 сәуір аралығында Павлодар облысында арнайы іссапармен жұмыс жасады.
РАНТ мүшесі бекітілген жоспарға бойынша Павлодар қаласы маңында орналасқан №63 және №461 түзету мекемелерінде болып онда тәрбиеленушілермен кездесті. Келесі кезекте Павлодар қалалық «Ғазиз» мешіті, «Әбу Бәкір сыддық» медресесі, Ақсу қаласындағы Жаяу Мұса атындағы көппрофильді колледж, Екібастұз қалалық мешіттерінде болып студенттер, жастар жамағатпен кездесу өткізіп, олардың тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға жауап берді.