Павлодар облысына арнайы іссапармен келген Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев қала және аудан имамдарымен кездесті.
Кездесу Торайгыров атындағы облыстық кітапханасында өтті.
Кездесуге Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Қайыртасқызы Мәлікова қатысты.
Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
Сонымен қатар Мәлік Нұржанұлы дін қызметкерлеріне қазіргі болып жатқан саясатты түсіндірді. Ел Презіидентінің саястаын халыққа жеткізу бағыттарын айтып, елдің бірлігі, ынтымағы, татулығы туралы маңызды факторларын баяндады.
Соңында өзара пікір алмасып тарасты.



