ПАВЛОДАРДА ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН РУХАНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ПАВЛОДАРДА ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН РУХАНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

137
1 мин
ПАВЛОДАРДА ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН РУХАНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін (2025.29.04) Павлодар облысындағы әскери бөлімде әскери қызметшілермен рухани-танымдық бағыттағы кездесу өтті. Шараға Павлодар облысы Жастар ресурстық орталығының Жастар ісі секторының меңгерушісі Акимбеков Біржан Бахытұлы арнайы шақырылып, өзекті әлеуметтік және діни мәселелер бойынша баяндама жасады.

Кездесу барысында қоғамда алаңдатарлық деңгейге жеткен бірқатар маңызды тақырыптар – исламдағы жат діни ағымдардың зардаптары, лудомания (құмар ойындарға тәуелділік), сондай-ақ суицидтің алдын алу мәселелері кеңінен қамтылды.

Баяндамашы өз сөзінде жастардың діни сауаттылығын арттырудың маңыздылығына ерекше тоқталып, дәстүрлі емес діни ағымдардың теріс ықпалы мен олардың қоғамдағы рухани тұтастыққа тигізетін кері әсерлерін нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Сонымен қатар, дәстүрлі ислам дінінің бейбітшілік пен адамгершілік қағидаттарын насихаттайтыны атап өтілді.

Кездесу барысында лудомания мен суицид тақырыптары да жан-жақты талқыланды. Бұл мәселелердің адам психологиясына, әлеуметтік жағдайына және жалпы қоғамға тигізетін зияны жөнінде кең көлемде ақпарат берілді. Спикер әскери қызметшілерді өмірлік қиындықтармен күресуде көмек сұраудан тартынбауға және қолдау көрсету тетіктерін пайдалануға шақырды.

Аталған іс-шара әскери қызметкерлер үшін тәрбие беру мен алдын алу шараларын нығайтуға бағытталған маңызды диалог алаңына айналды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасу ұйымдастырылды.

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс