Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Павлодар облысы бойынша «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «ҚҰРАН – ЖҮРЕКТІҢ ШИПАСЫ» атты облыстық қыздар арасындағы Құран жаттау жарысы өтті.
Жарыс үш аталым бойынша өтті:
- 22-сүрені жатқа айту,
- 10-сүрені жатқа айту,
- Көркем оқу.
Әділқазылар алқасы:
1. Ақерке Турғынбай – Павлодар облысы әйел-қыздар секторының жетекшісі;
2. Жадыра Бертмұрат – «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ұстазы;
3. Зәйнәб Сатылхан – «Ақмешіт» мешітінің ұстазы.
Жарысқа қатысушыларды марапаттау рәсіміне өкіл имам Жолдас қажы Қоспақұлы қатысып, Құранның маңызы мен жастардың дінге бет бұруының қуанышты көрінісі туралы әсерлі насихат айтты. Барлық қатысушыларға сертификат пен сыйлықтар табысталып, мешіт тарапынан дастархан жайылды.
Жеңімпаздар:
22-сүре аталымы:
1-орын – Егінбай Аяжан («Ақмешіт» мешіті) – 30 000 тг
2-орын – Қасен Фатьма («Мәшһүр Жүсіп» мешіті) – 20 000 тг
3-орын – Айнұра Серікпаева (Екібастұз мешіті) – 15 000 тг
10-сүре аталымы:
1-орын – Дүйсебай Ақбота («Мәшһүр Жүсіп» мешіті) – 25 000 тг
2-орын – Қайыргелдинова Мадина (Екібастұз мешіті) – 20 000 тг
3-орын – Әлібекова Әсемгүл («Ақмешіт» мешіті) – 15 000 тг
Көркем оқу аталымы:
1-орын – Аубакирова Айымгүл («Мәшһүр Жүсіп» мешіті) – 20 000 тг
2-орын – Смекенова Құралай («Ғабдул Уахит хазірет» мешіті) – 15 000 тг
3-орын – Адамжанова Гүлнара («Ақмешіт» мешіті) – 10 000 тг
Бұл жарыс – Құранмен байланыстыру арқылы жастардың имандылыққа деген қызығушылығын арттырып, сауатты, көркем мінезді ұрпақ тәрбиелеудегі маңызды қадамдардың бірі болды дейді Әйел-қыздар секторының жетекшісі Турғынбай Ақерке.










