ПАВЛОДАРДА МӘУЛІТ КЕШІ ӨТКІЗІЛДІ

ПАВЛОДАРДА МӘУЛІТ КЕШІ ӨТКІЗІЛДІ

562
1 мин
ПАВЛОДАРДА МӘУЛІТ КЕШІ ӨТКІЗІЛДІ

Павлодар қалалық Естай атындағы мәдениет сарайында «Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) атты мәуліт кеші ұйымдастырылды.

Шараға қала халқы, көрермен жамағат өте көп жиналды.

Кеш барысында, бағдарлама бойынша алдымен «Пайғамбарымыз (с.ғ.с)» атты бейнефильм көрсетіліп, келесі кезекте «Мәуліт мерекесінің мәні мен мазмұны» туралы облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы келелі насихат айтты.

Ақсқалдардың ақ батасымен жалғасқан мәуліт кешінде арықарай жыр-термелер шырқалып, «Әбу Бәкір сыддық» медресе-колледжінің шәкірттері сазды әуендерге салып мәуліт оқыды.

Арасында викториналық сұрақ-жауаптар жүргізілуі көрермен көңілінен шықты.

Осындай мәуліт шаралары басқа аудандарда жалғасын табатын болады.

1.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

7.jpeg

8.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс