Павлодар өңірінде 28 сәуір күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен республикалық акция аясында зираттарды тазалау іс-шарасы өтті.
«Өткенге құрмет – тіріге міндет» тақырыбында өткен игі шараға мешіт жамағаты, еріктілер және медресе шәкірттері белсене қатысты. Сонымен қатар, әкімшілік тарапынан арнайы техника бөлініп, қолдау көрсетілді.
Іс-шара соңында ата-бабаларымыздың рухына Құран бағышталып, дұға жасалды.



