ПАВЛОДАР: ҚҰРБАН АЙТТА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ПАВЛОДАР: ҚҰРБАН АЙТТА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

426
1 мин
ПАВЛОДАР: ҚҰРБАН АЙТТА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР  ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Құрбан айттың бірінші күні Павлодар облысы бойынша барлық мешіттерде сағат 6.30 да Айт намазы оқылды, намаздан соң Құран оқылып, елге, Отанға арналған ізгі дұғалар жасалды.

Келесі кезекте жамағат өздерінің орнына барып құрбан шала бастады.

Павлодар қаласындағы «Құлагер» атшабарында онлайн және офлайн форматында құрбан шалу рәсімі өтіп, құрбандық шарасы ресми түрде басталды.

Қасиетті жұма күні жұма намазынан кейін «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ауласында әртүрлі ұлттық ойындар, рухани және спорттық шаралар өткізілді. Жамағат толығымен келіп қатысып ризашылығын білдіріп жатты.

Құрбан Айтқа арналған бұл ауқымды мәдени іс-шара балалар мен жасөспірімдерге дініміздің қадір-қасиетін түсіндірген үлкен игі істердің бірі болды.

01.jpeg

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

7.jpeg

8.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс