ПАВЛОДАР: ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІ -2026

ПАВЛОДАР: ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІ -2026

48
1 мин
ПАВЛОДАР: ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІ -2026

Павлодар облысында Айт мерекесі кең көлемде аталып өтті. Ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтарды ұлықтаған мерекелік шараларға мыңдаған адам қатысты. Облыс бойынша барлық мешіттер безендіріліп, баннерлер ілінді.

Айт күндері өңірде қазақтың ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қазақша күрес, садақ ату, қол күрес, гір көтеру және атқа міну сайыстары өтіп, оған 500-ге жуық адам қатысты.

Балаларға тәттілер таратылып, мұқтаж жандарға қайырымдылық шаралары өткізілді.

Қарттар үйлері мен балалар үйлеріне арнайы сыйлықтар мен тәттілер жеткізілді.

«Айттау» дәстүрі жаңғыртылып, киіз үйлер тігіліп, жамағатқа наурыз көже мен бауырсақ ұсынылды.

Айт күні облыс бойынша 35 қазан палау дайындалып, халыққа таратылды.

Жалпы мерекелік шаралар мен қайырымдылық акцияларына 11000 – 12000 адам қатысып, айттың берекесі мен қуанышы кеңінен сезілді.

Баршаңызға Айт қабыл болсын!

1.jpeg

2.jpg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

7.jpeg

8.jpeg

9.jpeg

10.jpeg

11.jpeg

14.jpeg

15.jpeg

16.jpeg

17.jpeg

18.jpeg

19.jpeg

20.jpeg

21.jpeg






 

 

 

 

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс