ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ИСАБЕК ИШАН КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ИСАБЕК ИШАН КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ

1
1 мин
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ИСАБЕК ИШАН КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ

Павлодар облысының бас имамы Жұманазар Өсерханұлы Исабек ишан кесенесіне зиярат етіп, бабамыздың рухани мұрасын ұлықтады.

Исабек ишан — қазақ даласында Ислам дінінің таралуына, халықтың діни сауатын арттыруға және ұрпақты имандылыққа тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан көрнекті дін қайраткерлерінің бірі.

Бабамыз Бұхара қаласында білім алып, XIX ғасырдың басында Сүйіндік еліне келіп, Ақкөл-Жайылма өңірінде медресе-мешіт ашқан. Ол өмірін халыққа діни білім беруге, мұсылмандық құндылықтарды насихаттауға және елді бірлік пен ынтымаққа шақыруға арнаған.

Исабек ишанның өнегелі өмірі мен рухани мұрасы ұрпақ жадында сақталып, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларында да көрініс тапқан.

Бабаларымыздың діни мұрасын дәріптеу, олардың өнегелі жолын кейінгі ұрпаққа жеткізу — баршамызға ортақ міндет.

Алла Тағала өткен ізгілерге рақым етіп, ел ішіне иман мен ынтымақ нәсіп етсін!

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

7.jpeg

8.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс