
Бүгін Павлодар облысының бас имамы Бертымұратов Жолдас Ақсу қаласындағы Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорт кешенінде Ақсу қаласына қарасты бапкерлермен кездесу өткізді. Бұл шараны қалалық конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы ұйымдастырды.
Кездесуде мамандар мен бапкерлерге дінде өзіміздің дұрыс бағытты ұстану, еліміздің бірлігі, халқымыздың татулығы, отанымыздың тыныштығы туралы әңгіме өрбіткен облыс бас имамы қатысушыларға ата-бабамыздың дәстүрлі ақидадасы имам Матрудиді ұстану, мәзһабта Әбу Ханифа мәзһабын ұстану туралы нақты түсніктеме берді.
Сонымен қатар тиым салынған діни ұйымдар туралы айтылып, соңы сұрақ-жауаптармен аяқталды.