ПАВЛОДАР ИМАМДАРЫ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

ПАВЛОДАР ИМАМДАРЫ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

247
1 мин
ПАВЛОДАР ИМАМДАРЫ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

ҚМДБ, Павлодар облысы өкілдігі орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлының төрағалығымен қала, аудан имамдарының алқалы жиыны өтті. Алқалы жиынға орталық мешіттің наиб имамдары мен дін қызметкерлері де қатысты.

Басқосуда қала және аудан мешітінің бас имамдарды 2025 жылғы орындалған жұмысының негізгі бағыттары бойынша атқарған іс-шараларының есебі мұқият тыңдалды.

Қала, аудан мешітінен атқарылған іс-шаралар кітапша ретінде де жасалып, слайд түрінде көрсетілді.

Сонымен қатар Бас мүфтидің бағдарлық баяндамасында аталған тапсырмалардың орындалуы арнайы тыңдалды.

Имамдардың есеп баяндамасынан кейін Павлодар облысы бойынша 2026 жылы атқаратын іс-қызмет жоспары, мешіттердің негізгі жұмысы және қоғамдағы діни мәселелер жан-жақты талқыланды.

Әрбір имамның жылдық есебін толық тыңдаған облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы қорытынды сөзінде, биылғы жылы имамдардың белсенділік танытқанын, жыл бойында жүйелі де нәтижелі еңбектері арқылы топ жарған діни қызметкерлерді жоғарыға жолдайтынын айта келе, алда алар межелер мен атқарылуы тиіс жұмыстар ұшан-теңіз екенін атап өтті.

Жиын соңы ақ бата беріп, ізгі тілек айтумен тарқады.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

6.jpeg

7.jpeg

8.jpeg

9.jpeg

10.jpeg

11.jpeg

12.jpeg

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс