ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫ ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫНДА

ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫ ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫНДА

1
1 мин
ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫ ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫНДА

Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы арнайы Тереңкөл ауданында жұмыс сапарымен болды.

Бас имам алдымен ауданы өңірінде жаңадан тұрғызылған Сейділдә хазіреттің кесенесіне зиярат жасап, Құран оқыды. Осы өңірдің тумасы Сейділдә қажы (шын есімі -Шаһидолла) Түйтебекұлы Уфадағы «Ғалия» медресесінен білім алған. Елге келіп 1912 жылдан бастап шәкірт жинап, медресе ашып, мешіт салған үлкен тұлға. Бұл медресенің танымалдылығы соншалық жүздеген шәкірт Ертіс өзенінің ар жақ, бер жағынан, іш жақтан, яғни Ресейден келіп қажының алдынан білім, тәлім –тәрбие алған. Шамамен 1932 жылдары Алла үйінің ғимараты бұзылып, оның материалдарын мектеп салуға пайдаланған екен.

Келесі кезекте өкіл имам Тереңкөл ауданындағы «Сейділдә қажы» мешітінде Тереңкөл және Железин ауданына қарасты аудан, қала имамдарымен арнайы жиналыс өткізді.

Жиналыста ҚМДБ -нан берілген тапсырмалар, «Ислам және адал қоғам» жылы аясында атқарылуы тиіс іс-шаралар, дәстүрлі төрт бағыт, алдағы Құрбан Айтқа дайындық, жазғы лагерьге дайындық, келе жатқан аттестацияға дайындық-білім көтеру мәселелері талқыланып, имамдарға тапсырмалар жүктелді.

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

 

 

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс