Павлодар облысының бас имамы Бертімұратов Жолдас арнайы іссапармен Аққулы ауданына қарасты екі ауылға барды. Атап айтсақ Төсағаш және Шарбақты ауылдары.
Төсағаш аулында халықтың сұрауымен жаңа мешіт құрылысы басталған еді. Осы құрылыстың барысымен танысты. Бұл мешіт құдай қаласа келесі жылы жылы салынып бітеді деп жоспарланған.
Келесіле Шарбақты аулының мешітімен танысты. Бұл мешіттің жанына жергілікті кәсіпкер өз қаражатымен 400 орынды көркем жаңа асхана салып берген еді. Қазірде ауылдағы барлық діни-рухани шаралар осы асханада жүрілуде. Алдағы уақытта кәсіпкердің қолдауымен келесі жылы ескі мешіттің жанына жаңадан мешіт салып беру жоспарланып отыр.
Облыс бас имамы осы мешіттердің жағдайымен танысты. Сондай-ақ жиналған жамағатқа қазіргі діни ахуал, ҚМДБ-ның атқарып жатқан жұмыстары туралы насихаттар айтылды.


