ОБЛЫС БАС ИМАМЫ «БІРЛІК» СПОРТ КЕШЕНІНДЕ

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ «БІРЛІК» СПОРТ КЕШЕНІНДЕ

1081
1 мин
ОБЛЫС БАС ИМАМЫ «БІРЛІК» СПОРТ КЕШЕНІНДЕ

Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы облыстық дін істері басқармасымен бірлесе отырып Павлодар қаласындағы «Бірлік» спорт кешенінде кездесу өткізді. Кездесуге спорт саласында жүрген шәкірттер, спортшылар, жаттықтырушы-тәрбиешілер қатысты.

Облыс бас имамы өз насихатында спортшыларға жат ағымның ықпалына еріп кетпеу, сақтану, алдын-алу шаралары туралы кеңінен түсіндіріп әңгімеледі.

Бүгінде ҚМДБ-нан ұстанып отырған дін мен дәстүр бағытының маңыздылығы туралы айтылды. Оларды жат ағымның түрлі айла-шарғысына түсіп қалмай, ата бабаларымыздың ежелден ұстанып келе жатқан дәстүрлі исламмен жүруіне, ол үшін діни білімді мешіттен, имамдардан үйренуге шақырды.

Кездесу қатысушылардан қойылған әртүрлі сұрақтарға жауап берумен аяқталды.

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс