«НҰР-МҮБАРАК»-ТА СТУДЕНТ-ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

«НҰР-МҮБАРАК»-ТА СТУДЕНТ-ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

302
1 мин
«НҰР-МҮБАРАК»-ТА СТУДЕНТ-ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Ақпан айының 5-і күні Алматы қаласындағы «Нұр-Мубарак» египет ислам университетінің соңғы курс студенттерімен Павлодар өңіріне жұмысқа тарту мақсатында кездесу өтті.

Аталған шараға Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы, облыстық Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Байбәкіров және Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Дулат Молдагельдиновтер қатысты. Қонақтар алдымен университетпен танысты, оқу орнының кітапханасында болды, аудиторияларды аралады, университеттің проректоры Ершат Ағыбайұлымен жолығып, пікір алмасты.

Келесі кезекте студент жастармен кездесіп, өңіріміздің ерекшеліктерімен таныстырды.

Діни ұйымдарда, сонымен қатар, мемлекеттік мекемелердегі бос вакансиялар жөнінде сөз қозғалып, мемлекеттің көші-қон бағдарламасы таныстырылды.

Павлодар өңірінен оқып жатқан шәкірттермен арнайы кездесу барысында жастардың тыныс-тіршілігімен таныс болып, көкейде жүрген сұрақтарға жауап берілді.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс