ҚМДБ, Павлодар облысы өкілдігіне қарасты мешіттердің «Әйел – қыздар секторының» ұстаздары әйел жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Muftiyat» баспасынан жарық көрген жаңа кітаптарды таныстырды.
Қасиетті жұмада «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде жуырда басылып шыққан діни оқулықтар мен әдебиеттердің мазмұны мен мақсатын кеңінен түсіндірді. ҚМДБ тарапынан жарық көрген бұл еңбектердің имамдар мен жамағат үшін пайдалы рухани құрал екенін атап өтті.
Көрме барысында жаңа кітаптар қаладағы барлық мешіттердің әйел ұстаздарына үлестіріліп, әр мешіттің қорына табысталды. Бұл бастама әйел жамағатының діни сауатын арттыру мен ұстаздардың насихаттық жұмысына қолдау көрсетуге бағытталған.


