ҚМДБ: ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӨКІЛДІГІНДЕГІ АУЫС-ТҮЙІСТЕР

ҚМДБ: ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӨКІЛДІГІНДЕГІ АУЫС-ТҮЙІСТЕР

461
1 мин
ҚМДБ: ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӨКІЛДІГІНДЕГІ  АУЫС-ТҮЙІСТЕР

Бүгінгі қасиетті жұма күні Павлодар облысының өкіл имамы Бертімұратов Жолдас Павлодарский аулындағы «Қасым қажы» мешітінде жұма уағызын айтып, жұма намазын өткізді. Намазға ауыл халқы жиналды.

Намаздан соң ауыс-түйістер таныстырылды. Мұнда:

Осы уақытқа дейін «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің директоры болып келген Совет Есімбек бауырымыз Бас Мүфтидің бұйрығы, өз өтініші бойынша қызметінен босап, қалалық «Бижан» мешітінің ұстазы болып тағайындалды.

Ал «Қасым қажы» мешітінің имамы Ермек Сыздық бауырымыз осы мешітке наиб имам болып қалды.

«Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің директоры, әрі «Қасым қажы» мешітінің имамы болып бұрыннан осында істеп келген ұстаз Мамраев Нұрсұлтан Қуатұлы тағайындалды

Қазақтың дәстүрі бойынша қызметі ауысып жатқан екі имамға шапан жауып, алғыс хат табыс етілді.

Жаңадан тағайындалған бас имам, директордың жұмысына сәттілік тілеп дұға жасалды.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс