МӘШҺҮР ЖҮСІП МҰРАСЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ БАСҚОСУ

МӘШҺҮР ЖҮСІП МҰРАСЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ БАСҚОСУ

1
1 мин
МӘШҺҮР ЖҮСІП МҰРАСЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ БАСҚОСУ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысына барған сапарында «Мәшһүр Жүсіп және оның рухани мұрасындағы ихсан ілімі» тақырыбында өткен республикалық ғылыми-танымдық конференцияға қатысты.

Конференцияда арнайы баяндама жасаған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – қазақ халқының діни, рухани, әдеби һәм тарихи санасының қалыптасуына зор үлес қосқан тұлға. Ол өз заманындағы мұсылмандық дүниетанымды қазақтың болмысымен сабақтастыра білді. Оның еңбектерінде Құран аяттары, хадистер, сопылық таным, адамгершілік мәселелері және рухани кемелдену жолдары кеңінен көрініс тапты.

Мәшһүр Жүсіп атамыздың шығармаларын оқыған адам оның тек ақын, шежіреші ғана емес, терең рухани тәрбие мектебін қалыптастырған ой иесі екенін аңғарады. Ол адамның ішкі дүниесін тазарту, жүректі тәрбиелеу, Аллаға деген махаббатты арттыру секілді мәселелерге айрықша мән берді», – деп атап өтті.

Сонымен қатар конференция жұмысына мәшһүртанушы, филология ғылымдарының докторы Айтмұхамед

Тұрышев, ғылым кандидаты, профессор Айман Зейнулина, «Әлкей Марғұлан» атындағы Павлодар педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сейфитден Сүтжанов, PhD доктор Берік Айтбайұлы қатысып, баяндама жасады.

2.jpg

3.jpg

703715839_2184207355736701_6896063427213406330_n.jpg

703720334_2184207375736699_3372627954909477234_n.jpg

704187965_2184207382403365_4937055168117300377_n.jpg

704703021_2184207445736692_3041632211817202142_n.jpg

705061548_2184207419070028_4146033375014453517_n.jpg

705155047_2184207429070027_7918387614023069450_n.jpg

705394676_2184207409070029_4192165950169543921_n.jpg

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс