«Мәшһүр Жүсіп» мешіті «Әйел-қыздар секторының» ұйымдастыруымен Қарттар күніне орай Павлодар қаласындағы қарттар үйіне арнайы барып, ондағы қарттарға мерекелерімен құттықтап, құрмет көрсетті.
Ізгі шара барысында қарияларға сый-сияпаттар табысталды.
Бұл – дініміз бен дәстүріміз үндестік тапқан, үлкенге құрмет – кішіге ізет ұстанымының жарқын көрінісі болды.
«Үлкенге құрмет – елге береке», «Қариясы бар ел – қазыналы ел» – деген нақыл осы сәтке дөп келері анық.
Алла Тағала барша қарияларымызға ұзақ өмір, денсаулық, баянды ғұмыр нәсіп етсін!
Еткен еңбектері еленіп, кейінгі ұрпақтың алғысына бөлене берсін!








