Бүгін Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде мектеп оқушыларына арналған «ИМАНИ ЖАЗ – 2026» жазғы діни сауат ашу курсы ресми түрде басталды.
Ашылу салтанатында Бас имам Жолдас Қоспақұлы сөз сөйлеп, балаларға діни білім алудың маңызын түсіндіріп, оқу-білімге деген ынталарын арттыратын өнегелі ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, бүлдіршіндерге сәттілік тілеп, бұл курстың олар үшін рухани кемелденудің алғашқы баспалдағы болатынын атап өтті.
Алғашқы күннің өзінде балалар дәріс тыңдап, алғашқы имани білімдерін ала бастады. Жазғы курста оларға Құран әліппесі, намаз негіздері, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірбаяны және адамгершілік-ахлақ тақырыптарында сабақтар жүргізіледі. Сабақтар қызықты форматта өтіп, түрлі тәрбиелік ойындар мен іс-шаралармен толықтырылады.
Биылғы «ИМАНИ ЖАЗ – 2025» курсына ата-аналардың өтінішімен 70ке жуық бала қабылданып, олар жазғы демалысын пайдалы әрі мағыналы өткізуге ниет білдіріп отыр.
Бұл бастама жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиені қалыптастыруға бағытталған.





