ҚМДБ-ның бастамасымен биылғы жыл «Ислам және адал қоғам» жылы болып жарияланып, 2026 жылға арналған жаңа жұмыс жоспары бекітілді.
Осыған орай Ертіс-Баян өңірі имамдарының жылдың алғашқы алқалы жиыны «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде өтті.
Басқосуға барлық қала және аудан мешіттерінің имамдары қатысты. Жиын Құран Кәрім оқылып, бата берумен басталды.
Жиында облыстың бас имамы Бертытұратоа Жолдас Қоспақұлы өкілдіктің 2025 жылғы атқарған жұмысын қорытындылап, биылғы жылдың басты мақсаты болған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарламалық баяндамасында айқындалған міндеттер мен тапсырмаларды кеңінен таныстырып, оларды өңірде жүзеге асыру жолдарын нақтылап өтті.
2026 жылы негізгі төрт бағыт: Ихсан және насихат, Діни оқу-ағарту, Дәстүр мен отбасы құндылықтарын нығайту, сондай-ақ жат діни ағымдардың алдын алу бағытындағы жұмыстарға ерекше басымдық берілетіні айтылды. Осы бағыттар аясында өңір бойынша жүйелі әрі мазмұнды іс-шараларды тұрақты түрде өткізу тапсырылды.
Жиын соңында 2025 жылғы үздіктер анықталып, белсенді қызмет атқарған бірқатар имамдарға Бас Мүфтидің атынан алғыс хаттар берілді.








