ЕРТІС АУДАНЫНДА ШӘКІРТТЕР АРАСЫНА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ЕРТІС АУДАНЫНДА ШӘКІРТТЕР АРАСЫНА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

161
1 мин
ЕРТІС АУДАНЫНДА ШӘКІРТТЕР АРАСЫНА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Қасиетті рамазан айының құрметіне орай ҚМДБ Павлодар облысы, Ертіс ауданы "Ержан" мешітінде жас шәкірттер арасында аудандық "ҚҰРАН ЖАРЫСЫ " өтті. Жарысқа Қызылжар ауылының шәкірттері, ұстазы Тілекжан Темірбаев, Ертіс ауылының шәкірттері, ұстазы Асхат Тұрсынов дайындаған барлығы 11 бала қатысты.

Жарысқа төрелік жасаған Рамазан айына орай арнайы алдырылған қарилар; Ержан Мақсетов, Бағдат Тойлыбай.

1- номинация бойынша: 22 сүренің ішінен кез келген сүрені жатқа оқу,

2- номинация бойынша: 25 сүренің арасынан берілген кез келген сүрені жатқа оқу,

3- талап бағдарлама бойынша сұраққа жауап беру.

Бұл жолғы жарыста балалардың барынша мұқият дайындалғаны байқалды.

22 сүре бойынша суырылып алға шыққан шәкірттер;

Марғұлан Оразалиновпен Қызылжар ауылынан келген Нұрәли Құдияр 3- орынды иеленді. Омар Алшын 2 орынды ал,7 жасар ең кішкентай шәкірт Әбдулхаким Арынғазы бас жүлдені жеңіп алды. Бас жүлдеге әдеттегідей арнайы сертификат пен велосипед тарту етілсе, 2,3, орындарға бағалы сыйластықтар табысталды.

Жерлесіміз өз қолымен жасаған таспихтарын ораза айының құрметіне жарысқа қатысқан барлық шәкірттерге тарту етті.

Аудан мешітінің бас имамы Бақытбек Төлеген шәкірттерді құттықтап, қариларға алғысын білдіріп, бағалы сыйлық тарту етті.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

7.jpeg

8.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс