ЕРТІС АУДАНЫНДА «ҚҰРАНДЫ ЖАТҚА ОҚУДАН» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ЕРТІС АУДАНЫНДА «ҚҰРАНДЫ ЖАТҚА ОҚУДАН» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

494
1 мин
ЕРТІС АУДАНЫНДА «ҚҰРАНДЫ ЖАТҚА ОҚУДАН» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

16 шілде күні Ертіс ауданында «Ержан» мешітінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында облыстық «Құранды жатқа оқудан байқауы» өтті.

Облысымыздың әр мешіттен шәкірттері жиналып, сайысқа түсті.Жалпы 16 бала қатысты. Жалпы балалар өте жоғары деңгейде дайындықтарын көрсетті.

Екі пара бойынша 1-орынды «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің шәкірті Төлеген Мақсат, 2-орынды «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің шәкірті Байгалиев Мақсат, 3-орынды Ертіс ауданы «Ержан» мешітінің шәкірті Арынғазы Сырым иеленді.

Бір пара номинация бойынша 1-орын «Ақмешіт» мешітінің шәкірті Киреев Арнур, 2-орын «Ержан» мешітінің шәкірті Жоламан Әмір, 3-орын «Бижан» мешітінің шәкірті Шухратов Назар иеленді. Ұстаздарына Алла Тағала разы болсын!

Жарыста ең жас қатысушы Екібастұз қалалық мешітінің шәкірті 9 жасар Жанибек Омар белсенділік танытып, арнайы сыйлық табысталды.

Сонымен қатар «Ержан» мешітінің 6 жасар шәкірті Арынғазы Абдулхаким әліппе бітіріп, Құранға түсуі осы жарыспен қатар келгендіктенн Манас қаридың қолынан Құран Кәрім сыйлыққа алды.

Сайысқа төрешілік жасаған Манас қари және Даулет ұстазға Алла Тағала разы болсын!

1.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

7.jpeg

8.jpeg

9.jpeg

10.jpeg

11.jpeg

 

Асхат ұстаз,

Ертіс ауданы «Ержан» мешіті

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс