1. Бүгін Екібастұз қалалық мешітінде Кристина есімді орыс азаматы ислам дінін қабылдады. Наиб имам Абилдабек Хайролла исламның парыздары, асыл дініміз және сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.) туралы тәлімді уағыз айтып, кәлима шаһадат айтқызып, мұсылман болуымен құттықтады.
2. Екібастұз қалалық орталық мешітінің жамағаты аптаның әр сенбісінде футбол ойнап, салауатты өмір салтын насихаттауда. Бас имам Нұрсейіт Омаровтың бастамасымен қолға алынған бұл игі шара шариғат бойынша Алланың аманаты ретінде қаралатын денсаулыққа баса назар аударып, спортты серік ете отырып, жамағат арасындағы бірлік пен ауызбіршілікті арттыруды мақсат етуде.



