
Қалалық «Бижан» мешітінің ұстазы Акбас Нұрислам Юсупұлы Павлодар облысы «Мамандырылған Күзет Қызметінің Басқармасы»-ның ішкі құрамымен кездесу жасады. Екі тілде қатар өткізілген бұл кездесуде «Экстремизм және діни ағымдар» тақырыбы жан-жақты талданып, қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауаптар берілді.