Павлодар облысының бас имамы Жұманазар Өсерханұлы қалалық "Умар әл фаруқ" мешітінде арнайы болып, мешіті ұжымымен танысты.
Кездесу барысында мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, діни қызметтің бағыттары мен алдағы жоспарлар жөнінде пікір алмасты.
Мұндай кездесулер мешіттер арасындағы өзара байланысты нығайтып, діни қызметтің жүйелі жүргізілуіне ықпал етеді.
Алла Тағала игі істерімізге береке берсін!





