ҚАЛА, АУДАН ИМАМДАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИНАЛЫСЫ

ҚАЛА, АУДАН ИМАМДАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИНАЛЫСЫ

222
1 мин
ҚАЛА, АУДАН ИМАМДАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИНАЛЫСЫ

Бүгін «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде облыстық қала, аудан имамдарының кезекті жиналысы өтті. Жиналысқа Павлодар облысының Дін істер басқармасының басшысы Нұрлан Жұмабекұлы қатысты.

Жиналыста Мүфтият тапсырмалары «Ислам және адал қоғам» жылы аясында жұмыстарды жандандыру, дәстүрлі 4 бағыттағы жұмысқа тұрақты назар аударып, есебін уақытында жасап тұру, жазғы лагерлер кітаптар сатып алып орындар әзірлеу, медресе, университеттер бітіріп жатқан тұлектерге жұмыс орындарын қарастыру, дін қызметкерлерінің аттестатциясына қазірден бастап қамданып даярлану, ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай тал егу, медресеге, университетке жаңа оқу жылына қазірден бастап шәкірттер тарту қатарлы көптеген мәселелер жан-жақты талданып, ҚМДБ-ның маусымдық тапсырмалары ескертілді.

Соңында облыстық дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Жұмабекұлы сөз сөйлеп өз ойымен бөлісіп, жат ағымға қарсы жұмыстарда белсенді болған қалалық «Рахман» мешітінің имамы Тажуиев Медет және Екібастұз ауданының бас имамы Нұрсейт Омарловқа сертификат, ақшалай сыйақы табыстады.

 1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс