
Павлодар облысы, Аққулы ауданы, «Ғабдул-Уахит Хазірет» мешітінің әйел-қыздар секторына қарасты мешіт ұстазы Бақытжан Жексенқызының ұйымдастыруымен, «Исламдағы әйел әдебі» тақырыбында тағылымға толы семинар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – қазіргі қоғамдағы әйелдің діни, рухани, отбасылық және әлеуметтік рөлін айқындау, имани тәрбие мен әдепке үндеу.
Семинар спикерлері:
- Аққулы ауданының бас имамы Ибраев Мақсат Сансызбайұлы «Исламдағы әйелдің мәртебесі мен рухани жауапкершілігі» туралы жүрекке жылы, тағылымды насихат айтты.
- Әйел-қыздар секторының жетекшісі Тұрғынбай Ақерке – «Әйел әдебі – ұрпақтың ұяты, қоғамның көркі» тақырыбында баяндама жасап, әйелдің отбасы мен қоғамдағы орнына тоқталды.
- Екібастұз қалалық мешітінің ұстазы Аскарова Ботакөз – «Қоғамдағы әйелдің рөлі» тақырыбында кең көлемде баяндап, қазіргі әйел тұлғасының жауапкершілігін ашып көрсетті.
- Қажылар қауымдастығының төрайымы Айжан Әбілхайырқызы, «қыз баланың тәрбиесі» жөнінде терең насихаттар айтып, ұлттық һәм діни тәрбие байланысын ерекше атап өтті.
- Павлодар қалалық Сұлтанова атындағы аурухананың дәрігері Сарсенова Замзагүл, «Әйел денсаулығы жөнінде пайдалы медициналық кеңестер»-імен бөлісті.
Семинар соңы Ақжаулықты аналарымыз батысын беріп жақсы әсермен тарқасты.