Бүгін Ақсу қалалық мешітінің бас имамының ұйымдастырумен Ақсу ауданына қарасты ауыл мешіттері имамдарымен кезекті жиналыс Қызылжар ауылы Малайсары батыр мешітінде өтті.
Жиналыста ҚМДБ -ы имамдар форумында қабылданған құжаттары түсіндіріліп, алдағы болатын аттестацияға дайындық жұмыстары жүргізілді
Жиналыста мешіттердің қысқа дайындықтары және өрт қауіпсіздік жұмыстары қаралды.
Жиналыстан кейін келген имамдар волейбол ойнап, арнайы жайылған дастарқанда бас қосып, алдағы іс-қызметтеріне береке тілеген бата жасап тарқады.







