Облыс бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлының қатысуымен Ақсу ауданына қарасты барлық ауыл мешіті имамдарымен жиналыс өткізілді. Жиналыста ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлынығ бағдарламалық баяндамасын тыңдалып талқыланды.
Сонымен қатар Ақсу ауданы көлеміндегі игі-жақсы ақсақалдардың қатысуымен бата беру сайысы нәтижелі өткізілді. Қазылар алқасының шешімімен батагөй аталар ортасынан:
Бірінші орын Әбілқасым Пәрменұлы
Екінші орын Ашықбаев Мақсут
Үшінші орын Тасболат Мақымұлы
Үшінші орын Балғабай Смағұлұлы аталар иеленді. Барлық қатысушыларға сый-сияпат жасалып, олардың құрметіне ақ дастархан жайылып, ас берілді.
Келесі кезекте Ақсу қалалық мешітінің наиб имам
ы Жомарт Семсерхан қалалық өрт сөндіру мекемесі қызметкерлерінің қатысумен жат діни ағымдар және тероризм жайында уағыз-насихат өткізді.






